ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

БАҚЫЛАУ МЕН БЕЙІМДЕУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

20:42, 14 наурыз 2019

Қостанай ауданы пробация қызметі аудандық полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, «Пробация» республикалық алдын алу іс-шарасын жүзеге асыруда. Ол осы айдың 11-і мен 17-сі аралығын қамтиды. Бір апталық бақылау мен бейімдеу шарасы аясында қандай талап-міндеттер орындалды? Ол жайлы толығырақ тілші бейнематериалынан біле аласыздар.

Іс-шараның басты мақсаты – шартты түрде сотталған азаматтардың қайтадан құқық бұзушылыққа және қылмысқа баруының алдын алумен қатар іздеу салынған сотталғандарды анықтау. Мұны өткізу үшін пробация қызметі бөлімі инспекторларынан және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен жедел топ құрылған. Олар сотталғандарды мекенжайы және сауықтыру орындары бойынша тексереді.

Мекенжай, жұмыс және оқу орындары бойынша жүргізілетін тексеріс барысында мінездемелік материалдар жинақталады. Одан әрі, бақылаудағы бұрынғы қылмыскерлердің әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны бүкіл база бойынша тексеріледі. Сондай-ақ, инспекторлар жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтуға да айрықша ықпал етеді. 

Апталық барысында бүкіл анықталған заңбұзушылықтар үшін ҚР заңдары бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бүгінде аудандық пробация қызметінің есебінде 280 шартты түрде сотталған адам тіркелген. Олар түгелдей тексеріледі дейді шара ұйымдастырушылары.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
20:40, 23 мамыр 2019
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА 3 МЕМОРАНДУМҒА...
Толығырақ...
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
20:32, 23 мамыр 2019
ГЕНЕРАЛ БЕКЕТ АЙМАҒАМБЕТОВ БАҚ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
20:30, 23 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ОҢ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...