ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

20:30, 25 маусым 2020

Қостанай облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне арналған облыстық журналистер байқауының қорытындысы шығарылды. Айта кету керек, биыл коронавирус инфекциясының таралу қаупінің өршуіне байланысты, жылдағыдай журналистерді марапаттауға арналған жиын өткен жоқ.

Облыстық журналистер байқауы ақпан айында жарияланған болатын. Онлайн режимде 80-нен астам өтінім қабылданып, құрамында журналистика ардагерлері, ғылым докторлары мен кандидаттары бар байқау комиссиясы үздіктерді іріктеу жұмыстарын атқарыпты. Қазылар алқасының шешімі бойынша, облыстық журналистер сайысында түрлі номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды. Үздіктердің әрқайсысына 160 мың теңгеден сыйақы тағайындалған. Жүлде алғандардың ішінде Qostanai арнасының тілшісі Айдын Шәйкенов те бар.

Qostanai арнасының биылғы жылғы ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері көп. Жаңа маусымда көптеген тың бағдарламалар көрерменге жол тартты. Нәтиже де жаман емес. Мәселен, ауыл-аймақтардағы тұрғындардың арнамызға деген сұранысы 90 пайызға артты.  Ал орташа тәуліктік рейтингі 105 пайызға өскен. Одан басқа, толығымен сандық жүйеге көшірілгенін де атап өткен жөн. Кең байтақ еліміздің әрбір елді мекеніне Qostanai арнасы   сапалы ақпарат таратады.   

Байқау қорытындысы бойынша сондай-ақ, Бейімбет Майлин, Мұхамеджан Сералин, Нәзипа Құлжанова атындағы арнайы сыйлықтардың 3 иегері іріктелді.  Марапатталғандардың қатарында журналистика саласының 8 ардагері бар, оларға Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталары табыс етілді. Сонымен қатар, биыл коронавирус инфекциясы туралы күнделікті жағдайды өзекті етіп ұсынып, жедел түрде жариялап отырғаны үшін «Азаматтық журналист» арнайы сыйлығын тағайындау туралы шешім қабылданған. Бұл аталымның жеңімпазы әлеуметтік желілер пайдаланушылары арасынан таңдалды.

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар