ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

Б. БАЙБЕК ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ

20:30, 14 қазан 2020

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Тобыл өңіріне келді. Жұмыс сапарын алдымен Арқалық қаласынан бастады. Жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде партияның қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасының жобасы талқыланды. Сондай-ақ, ол шағын шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, моноқаланың мүмкіндігін бағамдады.

Бүгінде адамдар қоғам өміріне белсенді түрде атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси ұйымы ашық және жариялы түрде өткізген праймериз аясында Арқалық тұрғындарынан 117 нақты ұсыныс келіп түскен. Бұл деген халықтың партияға деген сенімін байқатады. Өйткені, «Нұр Отан» - нақты істердің партиясы.

Арқалықта тұрғындарды аулаларды абаттандыру мен көшелерді жарықтандыру, білім және денсаулық сақтау нысандарын, жолдар мен инженерлік желілерді жөндеу секілді мәселелер толғандырады. Партияішілік іріктеуге қатысқандар осындай маңызы зор түйткілдерді алға тартады.

Ресми кездесуден соң партия төрағасының орынбасары қаланы жылумен қамту жүйесін реконструкциялау жайымен де танысты. Осының аясында Арқалық ЖЭО-ы мазуттан көмірге көшірілмек. Жоба жыл сайын 2 миллиардқа дейін бюджет қаражатын үнемдеп, оны қаланың басқа қажеттіліктеріне қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Бауыржан Байбек Арқалық аймақтық ауруханасының ұжымымен кездесті. Мемлекет басшысы таяуда сөйлеген сөзінде пандемияның 2-ші толқыны болған жағдайда негізгі ауыртпалықтың тағы да дәрігерлерге түсетінін атап өткен болатын. Оның тапсырмасы бойынша екінші жартыжылдықта төлемақыға 150 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл жас мамандар үшін жасалып отырған қолдау десе де болады.

Содан соң Бауыржан Байбек «Торғай Ет» ет өңдеу кешенінде де болды. Ондағы  жұмыс қарқынымен танысып, аймақта мал шаруашылығын дамытуға мейлінше ден қою керектігін айтты. Партия төрағасы орынбасарының сапары облыс орталығында жалғасты. Осы орайда ол «Олжа Садчиковское» ЖШС-не барды. Сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорын қызметкерлерімен жүздесіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында серіктестік басшылығына отандық өнімді экспорттау көрсеткішін арттыру керектігін айтты. Өйткені, ауылшаруашылық саласы - ел экономикасының драйвері екенін ешқашан естен шығармау керек

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...