ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ

20:58, 11 қазан 2019

«Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қостанайда жолаушылар көлігін ауқымды тексеру басталды. Апталық тексерістің алғашқы күнінің небары үш сағаты аралығында полицейлер алты заң бұзушылықты анықтады.

Тексеру, ең алдымен, автобустардың техникалық жай-күйіне, сондай-ақ ластаушы заттар құрамының нормадан асып кету фактілерін анықтау мақсатында жүргізілуде. «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасына полицейлермен бірге БАҚ өкілдері және экологтар қатысты. Акция 17 қазанға дейін жалғасады. Қостанай қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының командирі жыл басынан бері Қостанайда автобус жүргізушілерінің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, онда бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алғанын айтты.

Жолдарда тәртіп орнату процесіне қала тұрғындары да белсенді түрде атсалысуда. ЖҚЕ бұзылғандығы жайлы хабарламалар тәртіп сақшыларына әлеуметтік желілер арқылы жіберіледі. Ондай 80-нен астам фотодерек полиция департаментінің бастығының блогына және әлеуметтік парақшасына келіп түскен. Барлық өтініштер бойынша тиісті іс- шаралар қабылданған. Жол тәртібі бұзылмау үшін автобус жүргізушілерінің денсаулығына да үлкен мән берілетіндігін айта кету керек.

«Автобус» жедел алдын алу шарасы экологтарды да айналып өтпейді. Бақылаудың бірінші күнінің өзінде аталмыш мамандар отыздан астам автобусты тексерді. Тексеру барысында жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерінің бұзылуына, техникалық құралдарды басқару кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібінің сақталмауына қатысты алты әкімшілік заңға қайшы әрекеттер анықталды.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар