ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АУЫЛҒА АУЫЗ СУ КЕЛДІ

20:30, 30 шілде 2020

Ауыл жұртшылығы үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Қазіргі таңда халықты тіршілік көзімен қамтамасыз ету «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Алтынсарин ауданы - елді мекен тұрғындарын сумен қамту бағытында облыс бойынша көші ілгері өңірлердің бірі. Жуырда ауданға қарасты Шоқай ауылына ауыз су тартылды.

Су – тіршілік көзі десек, оның сапалы болуы аса маңызды. Халық денсаулығының мықты болуы да су сапасына тікелей байланысты. Осы мәселелер ескеріліп, мемлекеттік қазынадан өткен жылы аудандағы 5 елді мекенді қамтитын жобаға 3,3 млрд  теңге қаражат бөлінген. 

Былтыр басталған жобаға бөлінген қаражаттың жартысынан көбі игерілген. Енді қалған 1 млрд 100 млн теңге басқа жұмыстарды толық орындау мақсатына жұмсалады. Су желісінің жалпы ұзындығы - 80 шақырым. Ол - 3,5 мыңнан астам аудан тұрғыны тіршілік көзінен таршылық көрмейді деген сөз.

Ел ықыласына бөленіп, көптің алғысын арқалаған бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстардың шет-жағасын айттық. Осы сияқты облыс бойынша көптеген ауылға ауыз су жетті. Келешекте тіршілік көзінен таршылық көріп отырған шалғай елді мекен тұрғындарының  да мәселесі шешілетін болады. Ол міндеттер билік өкілдерінің қаперінде.    

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...