ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРКЕЙТУДЕ

20:30, 26 маусым 2020

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтты. Осы мақсатта «Ауыл - ел бесігі» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаның басты мақсаты – тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Қостанай ауданында бұл бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

Қостанай ауданының Заречный ауылдық округінде биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілуде. Осы бағдарлама шеңберінде елді мекенде Мәдениет үйі жөнделіп, әкімдік ғимаратын жаңарту жұмыстары да қолға алыныпты.

Ауылдық округте «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында көшелерді қалыпқа келтіру жұмыстары да қарқын алған. Бұл өмірі жөндеу көрмеген Ипподромная көшесі. Осы көшенің тұрғындарының арыз-шағымдарына орай, әкімдік жергілікті бюджет есебінен биыл көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді, шам бағандарын орнату жұмыстарын қолға алыпты. Бұл – Заречный ауылдық округында атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі ғана.

Ауылдық округте жүзеге асырылып жатқан маңызды бағыттардың тағы бірі - халықты әлеуметтік қорғау. Ауылдық округтегі жұмыссыз азаматтар нәтижелі жұмыспен қамту шараларына белсенді қатысады. Бүгінгі күні жоспарланған 345 адамның барлығы тұрақты жұмысқа орналасты. 26 азамат қысқа мерзімді оқу курстарына жіберілді, 66 адам «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін үйреніп шықты.

 

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар