ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ»: ОБЛЫСТА 46 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛМАҚ

20:35, 9 қыркүйек 2019

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді - мекендердің ажары кіріп, тірлігі одан әрі жандана түспек. Мемлекет басшысының тапсырмасымен игі жобаға бөлінетін қаражат екі есе ұлғаймақ. Біздің өңірде су-жылу жабдықтары мен жолдарды жөндеуге шамамен 5 млрд теңге қарастырылмақ. Бюджет есебінен биыл қандай жұмыстар атқарылды? Кәсіпкерлер ауылдың жағдайын жақсартуға қаншалықты белсенді? Бұл мәселе облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте талқыға салынды.

Биыл іске асырылған «Ауыл – ел бесігі» жобасы елді мекендерде халықтың тұрмысын жақсартуды көздейді. Елімізде әлеуметтік саланы әрлендіруге 30 миллиард теңге бағытталды. Біздің аймақ бойынша 5 аудан орталығы осы жобаға енді. Бұл Әулиекөл, Қарасу, Меңдіқара, Сарыкөл, және Федоров. Мұнда 46 жоба іске қосылды. Олардың құны 2,3 миллиард теңгеге бағаланған.

Бейнеконференция режиміндегі мәжілісте аудан басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады. Сарыкөл ауданына қатысты түйткілдер бар. Жөндеу жұмыстары жылу маусымына еш әсер етпеуі тиіс. Әрі жоба аясында демеушілерді тарту жұмыстары да белсенді емес. Мәселен, Қарасу ауданында кәсіпкерлер ауылды жандандыруға көптеп көмектесуде. Әлеуметтік нысандардың құрылсына 695 миллион теңге жұмсаған. Жаңадан ашылған саябақтар мен спорттық алаңдар көз қуантады. 2020 жылы Ауыл ел бесігі жобасына 7 ауыл қатысады. Облыс басшысы сондықтан ертерек қам жасау керекетігін ескертті.

2024 жылға дейін аудан орталықтары одан бетер көркейе түспек. Су, жылу нысандары және кәріз желілері қалпына келтірілсмек. Әлеуметтік – мәдени ошақтар жаңа кейіпке енеді. Мектептер мен аурухналар жөнделеді. Жолдар да жаңартылады.

«Ауыл – ел бесігі» аясында жүзеге асырылатын жобаларды алдын ала жоспарлап қою-бұл облыс әкімінің аудан басшыларына берген тапсырмасы. Келер жылы аудан орталығында іске қосылатын жобалардың тізімін ұсынуды міндеттеді Архимед Мұхамбетов. Әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталатын қаражат екі есе өспек. Алайда, іске азаматтар да туған ауылдың тірлігін жандандыруға белсене атсалысуы тиіс.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...