ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АУДАНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

20:30, 28 шілде 2020

Федоров ауданында індет жұқтыру көрсеткіші төмен. Мұның себебі, біріншіден, халықтың санитарлық нормаларды сақтағаны, екіншіден, дәрігерлер науқастарға кәсіби қызмет көрсете білді. Бүгінде аудандық аурухана базасындағы провизорлық бөлімде барлығы 14 адам ем қабылдап жатыр.

Аудандық аурухана қабырғасындағы провизорлық бөлім бұрын күрделі ота жасау залы болған. Қазір қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында дерт жұқтырғандарды осы жерде оқшаулайды. Бұл бөлімдегі орын саны 16 адамға шақталған. Қазіргі таңда барлығы 14 науқас дәрігерлердің дәрменіне жүгінеді.

Аурухананың техникалық базасы қажетті  құрылғылармен толық жабдықталмағаны мамандарған кедергі емес. Дәрігерлер өз кәсіби деңгейін көрсетіп, қолда бар жабдықтарды пайдаланып, аудандағы  эпидемиологиялық ахуалды тұрақты ұстап тұруға бар жігер-күштерін жұмсап жүр. Абзал мамандық иелеріне жергілікті жомарт жандар да жәрдемдесу үшін қажетті құралдармен қамтып келеді. 

Қайырымдылық акциялары, жергілікті кәсіпкерлердің демеуімен аудандық аурухана базасы жаңа жабдықтармен толығып келеді. Қазіргі таңда провизорлық бөлімде 4 бірдей өкпені жасанды желдету аппараты тұр. Көп кешікпей, емдеу мекемесіне қосымша құрал-жабдықтар жеткізіледі деп күтілуде.

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...