ШҰҒЫЛ! ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗДАРЫ БИЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

АУА РАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

20:12, 5 ақпан 2020

Қостанай облысында қолайсыз ауа райына байланысты облыстық, республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, боран, көктайғақтың салдарынан кей көлік жүргізушілеріне жедел көмек көрсетуге тура келген.

Қостанай ауданындағы Павлов ауылынан Майалап елді мекеніне шыққан көлік жолда қалып, екі адам қар құрсауынан құтқарылды. Құтқару жұмыстарына ТРЭКОЛ арнайы техникасын тартуға тура келген. Екі ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, олар Қостанай қаласына жеткізілді.  Сол сияқты, бүгін Алтынсарин ауданындағы Силантьев ауылында қарға батып қалған жеңіл көлікті өрт сөндіру қызметінің көлігі сүйреп шығарды. Көлік ішінде 3 жолаушы болған. Олардың бірі ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар департаменті алдағы тәулікте де құбылмалы ауа райы сақталатынын ескертеді. Облыс аумағында боран соғып, тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан ұйтқып жел соғады, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Сондықтан, алыс жолға шықпай, абай болыңыздар.     

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
20:25, 26 мамыр 2020
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ: ЖАҒАЖАЙЛАР ЖАБДЫҚТАЛУДА
Толығырақ...
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
20:36, 22 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
20:33, 22 мамыр 2020
САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАМАҒАНДАР СОТ АЛДЫНДА ЖАУАП БЕРЕДІ
Толығырақ...