ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ

20:24, 29 мамыр 2020

Тарихшылардың дерегі бойынша, 1937-38 жылдары Қостанай облысынан 27 мың адам қудаланып, 2 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Осыншама құрбанның зираты қайда деген сауал көптің көңілін алаңдатумен келеді. «Ел мүддесі» хабарында да осы сұрақ ел қауіпсіздігі комитетінің ардагеріне де қойылды.

80-жылдан астам уақыт өтсе де, 1937-38 жылдардағы азалы күндер әлі ел есінен кетер емес, жан жарасы да жазылмаған. Оспановтар әулеті осы жалынның ұшқынынан қос бірдей азаматынан айырылыпты. Тарихшы, академик Манаш Қозыбаев өзінің бір деректерінде Кеңес үкіметі кезінде саяси-қуғын сүргінге ұшыраған адам саны Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан құрбандармен тең деп көрсетеді. Қостанай облысы бойынша 27 мың адам қудаланып, 2 мыңнан астамы атылған.Ме­м­­лекеттік қауіпсіздік ко­ми­т­етінің ардагерлері «халық жауы» атанған азаматтрадың асыл сүйегі қайда жатқанын шамамен біледі. Бірақ, әлі күнге дейін бұқара халықтан жасырып келеді. Не себепті? Оны жауабын осы жексенбі күні, сағат 20-00 де өтетін. «Ел мүддесі» хабарынан біле аласыздар.

Гүлнұр Мұратқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
16:27, 30 маусым 2020
Қазақстанда мәдени-ағартушылық жаңа телеарна ашылды
Толығырақ...