ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

18:53, 12 шілде 2017

Орталық коммуникациялар қызметінде XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалінің президенті Айман МҰСАҚОЖАЕВАНЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өтті. Сондай-ақ баспасөз конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз НҰРАЗХАН, XIII «Евразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид НУҒМАНОВ, қазылар алқасының мүшесі Талғат ТЕМЕНОВ және Бағдарламалық директор Елена ЛАРИОНОВА қатысты.

 2017 жылдың 22-28 шілде аралығында Астана қаласында Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классының фестивальдерімен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы ауқымды  кинофорум болып табылатын ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді. 2012 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) «Еуразия» ХКФ-ін  әлемнің 35 жетекші   кинофестивальдерінің тізіміне қосты.

13-ші «Еуразия» кинофестивалі бағдарламасында, дәл сол уақытта Қазақстанның астанасында өтетін әлемдік ауқымды іс-шара— «Астана Экспо-2017» халықаралық  көрмесінің тұжырымдамасымен үндес «Мәдениеттер көпірі» тақырыбы қозғалады.

«Еуразия» ХКФ-лі  2016-2017 жылдары жарық көрген кең ауқымды әлемдік фильмдердің көрсетілімін  ұсынады. Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметрлі және қысқаметрлі картиналар, авторлық және жанрлық кино кіреді. «Бес құрылық» балалар фильмдерінің конкурсы, сонымен қоса, Экспо-2017-мен бірігіп ұйымдастырылған дамушы елдер бағдарламасы «6 плаза»  өтеді.  Кинематоргафия саласындағы Ұлттық «Тұлпар» жүлдесін табыстау үшін Қазақстан, Орталық Азия және түркітілдес халықтар фильмдерінің көрсетілімдері болады.

Тарихта тұңғыш рет «Еуразия» ХКФ-нің аясында ТМД, Шығыс (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея) және Батыс (Европа, Америка) елдерінің фильм сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен Eurasia Film Market Дәстүрлі бизнес-алаңы киножобалар питчингтерін, дөңгелек үстелдерін, баспасөз-конференцияларын, шеберлік-сағаттарын және арнайы іс-шараларын ұсынады.

Кинофестивальдің шетелдік қонақтары голливудтың жарқын жұлдыздары: «Оскар» және «Алтын глобус» лауреаты Николас Кейдж, Джон Ма́лкович мен Эдриен Броуди, американдық актриса Бай Лин, фестивальдік қозғалыстың орасан зор қайраткері, продюсер Марко Мюллер, осы жылғы «Евразия» ХКФ-інде негізгі қазылар алқасын басқаратын, Канн кинофестивалінің лауреаты Сулейман Сиссе.

«Еуразия» кинофестивалін өткізудегі басты мақсат қазақстандық киноиндустрияны дамыту, кино өнеріне кең жұртшылықтың қызығушылығын арттыру және Азия мен Европа елдерінің жемісті ынтымақтастығы үшін шарттар ойластыру.

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі  Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлігінің тапсырысымен «Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бірлестігімен іске асырылады.

ҚР МСМ Баспасөз қызметі

Тақырып бойынша материалдар

Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
13:26, 22 қыркүйек 2017
Әскерилер тілдер мерекесін атап өтті
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
16:06, 21 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
18:31, 20 қыркүйек 2017
Күннің қорытынды жаңалықтары (толық нұсқа)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі  (толық нұсқа)
18:06, 18 қыркүйек 2017
Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімі (толық нұсқа)
Толығырақ...
Аналар күніне арналған мерекелік шара
18:32, 18 қыркүйек 2017
Аналар күніне арналған мерекелік шара
Толығырақ...
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
18:26, 18 қыркүйек 2017
Білім ошақтарындағы өрт қауіпсіздігі тексерілді
Толығырақ...