ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

АСТАНА ҚҰРДАСЫ: ЕЛОРДАМ - МАҚТАНЫШЫМ!

13:12, 11 маусым 2018

Қазақ елінің Бас қаласының бойын тіктеуіне 50 емес, 20 жылдың өзі-ақ жеткілікті болды. 20 жыл бұрынғы Ұлы көш Қазақ елі тарихында алтын әріппен жазылар оқиға екені рас. Астананың құрдасы, Ішкі істер департаментінің жас қызметкері Сұлтан Сұлтанов осылай дейді. Ол біздің тілшімізге елордамен құрдас болу үлкен мақтаныш екенін, әрі үлкен жауапкершілік жүктейтінін әңгімелеп берді.

6-шы шілде Сұлтан үшін ерекше күн. Екі бірдей мейрам. Жас полицей өзінің Астанамен түйдей құрдас екенін мақтан тұтады. Өзі елордада туып, кейін ата-анасы жұмыс бабымен Қостанайға көшіп келген. Отан алдындағы борышын өтеп үлгірген бозбала бүгінде Ішкі істер департаментінің қызметкері.    

Жастардың білім алып, көздеген мақсатына жетуіне біздің елде толық мүмкіндік бар. Мемлекетіміз оған барынша жағдай жасап отыр. Осындай береке-бірлігі жарасқан Қазақстан атты мекенде тұрып жатқанымызды бақыт санауымыз керек, - дейді елорда құрдасы. Өзі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданады.

Сұлтанның алға қойған мақсаттары жетерлік. Солардың бірі-бас шаһарда қызмет ету. Бұл арманына жету үшін ол бүгінде тынымсыз еңбек етіп, тәжірбие жинауда. Неге Астана деген сұрағымызға, ол Астана жастардың қаласы, армандар орындалатын болашақ қаласы деп жауап берді.

Тақырып бойынша материалдар

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҚОЛДАНУШЫЛАР САНЫ АРТА ТҮСКЕН
20:39, 18 қазан 2018
ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҚОЛДАНУШЫЛАР САНЫ АРТА ТҮСКЕН
Толығырақ...
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
20:33, 18 қазан 2018
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР: ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:30, 15 қазан 2018
ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...