ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

АРЫС БАТЫРЛАРЫ АҚОРДАДА МАРАПАТТАЛДЫ

20:37, 6 қыркүйек 2019

Арыс батырлары Ақордада. Мауысм айында Арыс қаласында болған оқиға ешкімнің есінен кете қойған жоқ. Бүгін мемлекет басшысы адам өмірін сақтап қалған түрлі сала мамандары мен жанашыр азаматтарға зор алғысын білдіріп, мемлекеттік наградамен марапаттады. Мемлекет басшысы оларға зор алғыс білдіріп, қаланы қалпына келтіруе елдегі әрібр азамат атсалысқанын айтты.

Арыс апатына 2,5 ай. 24 маусым, әскери қалашықтағы арсеналда апат болып, қала ішінде мыңдаған снаряд жарылды. Төтенше жағдайдың салдарымен күресуге қазақстандықтар бірден жұмыла кірісті. Санаулы сағаттың ішінде қала халқы түгел көшірілді. Апаттан кейін қаланы қалпына келтіруге облыстарды айтпағанда, 10 мың адам, 255 жеке компания атсалысты. Қазір арыстағы нысандардың 97 пайызы қалпына келтірілді. Президент бүгін бұл жұмысқа атсалысқан барша азаматтарға алғысын айтты.

Ерлігі ерен 40 шақты азаматқа бүгін барлық сән салтанатымен Ақордада құрмет көрсетілді. Президент қолынан орден мен медаль алғандардың барлығы әдеттегідей басышлар емес, өрт сөндірушілер мен саперлар, полиция қызметкерлері мен мейірбикелер, еріктілер мен қарапайым еңбек адамдары.
 

Асқар Әбдіқалық балабақшада көлік жүргізушісі. Оқиға күні 15 адамдық көлікке 70 баланы сиғызып қаладан аман алып шыққан қайсар жігіт. Әке шешесінен бұрын балаларға көмектестім дейді. Астанамызға алғаш келуі. Асқар бүгін Ақорда төрінде Ерлігі үшін медалімен марапатталды.
 

Асқар секілді қырықшақты азаматқа бүгін Құрмет, Айбын, Жауынгерлік ерлігі үшін, Шапағат ордендері мен медалдары табысталды. Олардың әрбірінің апат күнгі әрекетін ерліктің ерекше үлгісі деп айтуға болады. 

Бұл мараптталушылар мен марапаттардың соңы емес. Президент мұны ерекше айтты. Себебі қаланы қалпына келтіруге әрібір қазақстандық атсалысты. Олардың ерлігі ел есінде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
20:08, 20 ақпан 2020
ЗИЯНКЕСТЕРДІ ЖОЮДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...