ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҚУАТЫ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНДЕ! Толығырақ

АРНАЙЫ ЖАБДЫҚТАЛМАҒАН АУМАҚТАРДА ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

20:35, 30 мамыр 2019

Шомылу маусымының басталуына санаулы күндер қалды. Құтқарушылар тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді. Біріншіден, жабдықталмаған өзен-көлдерде шомылу адам өмірі үшін қауіпті екендерін айтады. Былтыр облыс бойынша 16 адам суға батып кеткен, оның оның алтауы кәмелет жасқа толмағандар. Сала мамандары ата-аналардан бүлдіршіндеріне абай болуға шақырады. Әкімдік пен төтенше жағдайлар басқармасы қауіпті аумақтарда суға түсуге тиым салу белгілерін орнатты.

Ағысы қатты бұл өзен суға түсуге қауіпті орындардың бірі. Алайда, жаз айларында әдетте осы орынды демалушылар жайлы жағажайға айналдырады. Алаңдатарлық жәйт. Осыған орай, қала әкімдігі мен  төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері қауіпті орындарды аралап,  жабдықталмаған жерлерде тиым салу белгілерін орнатуға кірісті.

Бұл  шомылу мауысым кезінде оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жасалатын әрекет. Қостанай қаласында ресми түрде жұмыс істейтін 3 жағажай бар. Демалыс аумағында құтқарушылар тобы тәулік бойы жұмыс істейді. Сала мамандары жабдықталмаған жерлерде суға түсудің адам өмірі үшін қаншалықты қауіпті екенін ескертеді. 

Дегенмен, сала мамандары дабыл қаққанымен, сөзге құлақ асатындар аз. «Сақтансаң ғана, сақтайды». Әрбір демалушы осыны қаперде ұстағандары абзал.

Тақырып бойынша материалдар

ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
18:11, 26 маусым 2019
ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ МЕМОРИАЛДЫ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ
18:02, 26 маусым 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Е.ӘБІЛ: ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТЫ
18:00, 21 маусым 2019
Е.ӘБІЛ: ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЕЛБАСЫ ЕСІМІМЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫ...
Толығырақ...