ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІ Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ!

20:59, 11 қыркүйек 2019

«Нұр Отан» партиясы Қостанайда 90 жастан асқан екі соғыс ардагерін құттықтап, оларға құрмет көрсетті.

Қасымхан Алдабергенов әскер қатарына 1943 жылы Жітіқара қаласынан  шақырылды. Он сегіз жасында Злотауст пулеметшілер училищесіне барған бозбала 1,5 жыл бойы әуе десант күштерінің құрамында соғыс қимылдарына қанығады. Соғысқа тек 1945 жылдың наурыз айында Венгрия түбінде кіріседі. Жанталасқан жау жағының танк жасағына тойтарыс беріп, кейін Австрияны неміс басқыншыларынан азат еткен кеңестік жауынгерлер жеңісті Чехословакия жерінде қарсы алды. Ардагер әлі күнге тың. 50 жылдан артық бірге отасқан жұбайы Шолпан апай екеуі бір ұл,бес қыз өсіріп тәрбиеледі. Бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған бақытты ата мен әже ұрпақтарының бейбіт өмір кешкенін қалайды.

Нұротандықтар бұл күні сол сияқты 93 жасқа толып отырған майдангер Иван Хиценконы да құттықтады. Украина, Сталинград, Одесса мен Қырымды жаудан азат етуге қатысқан Иван Яковлевич те бірнеше орден, медальдың иегері.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА
20:33, 12 ақпан 2020
ШЕТЕЛ КӨЛІКТЕРІН УАҚЫТША ТІРКЕУ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:46, 12 ақпан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...