ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

20:05, 16 наурыз 2020

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыс аумағында мерекелік мазмұнға ие іс-шаралар көрініс тауып келеді. Солардың бірі Қостанай қаласында жүзеге асты. Ұлттық Ұлан және Полиция департаментінің өкілдері мен әскери-патриоттық клуб мүшелері 100 жастағы майдангерге құрмет көрсетті. Осы орайда олар соғыс ардагерінің үйіне арнайы барып, келе жатқан Жеңістің 75 жылдық мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат тарту етті.

Василий Крячко 1920-шы жылдың 20-шы қаңтарында Федоров ауданына қарасты Дмитров ауылында дүниеге келген. Соғыс басталған кезде ол өз еркімен әскер қатарына қосылған. 75 жыл бұрын болған ұмытылмас оқиғаға оның қосқан үлесі қомақты. Бүгінде ғасыр жасаған майдангер өзіне көрсетіліп жатқан құрмет-қошеметке дән риза. Алғысы көп, тілегі жалғыз. Ол – қан майданның қайталанбауы.

Ұлы Жеңісті ұлықтау – ұрпақ парызы. Кешегі қан майданда қиыншылық көрген  ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігін насихаттау – жастарға артылған міндет әрі  жауапкершілік. Сондықтан, мереке қарсаңында майдангердің көңілін аулап, осындай шағын сый жасауды жөн көрдік, - дейді игі шараға бастамашы болғандар.

Кездесу ұйымдастырушылары ардагерге тек сый ұсынумен шектелген жоқ. Олар  оған майдан даласында жауынгерлерге рух берген Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық Жауынгерлік Туының көшірмесін көрсетіп, ақ самай ардагердің кеудесіне кезекті мәрте ерлік пен мақтаныш сезімін ұялатып қайтты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...