ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

20:30, 11 қыркүйек 2020

Ұрпақ парызы Отан үшін жау оғын қасқайып қарсы алған майдангерлердің ерен еңбегін үлгі тұтып, жадында сақтау. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Қасымхан Алдабергенов 95 жасқа толып отыр. Бүгін оған құрмет көрсетіліп, облыс әкімінің құттықтау хаты табыс етілді.

Соғыстың аяқталғанына 75 жыл толса да, бұл Жеңістің маңызы еш жойылмақ емес. Батыр бабаларымыздың ержүректігі мен қаһармандығы адамзат өркениетін зұлымдық қатерінен құтқарды. ІІ дүниежүзілік соғыс жауынгерлері біздің, яғни кейінгі ұрпақтың бейбіт аспан астында өмір сүруі үшін ақтық демі қалғанша, жан аямай күреске түсті. Көбі көз жұмды, ал аз қалған ардагерлерге қазір барлық сый-құрмет көрсетілуде. Осы күні олар 75 жыл бұрын болған оқиғаны дәл бүгінгідей үлкен тебіреніспен еске алады.  

Туған жер тұлғаларымен асқақ. Кешегі сұрапыл соғыстың салдары талайлардың   жадында мәңгі қалары анық. Отанға төнген қауіп пен қатерге қарсы қалқан бола білген ел қорғандары кешегі - солдат, бүгінгі - ақ самай ардагерлер халқының шексіз құрметіне ие.

Қасымхан ақсақалдың ұлтымыздың жыршылық-термешілік мұрасын насихаттауға қосқан үлесі де ұшан-теңіз. Құймақұлақ орындаушы қазақтың алтын қорына көптеген жауһар шығармалар қосты. Олардың қатарында ұлы Абайдың "Масғұт", "Ескендір" поэмалары, сондай-ақ төл туындылары сақталулы. Атамыз айтыс өнерінде де өз қолтаңбасын қалдырды. Кешегі Нұрхан мен Омардың жұрнағындай жалғасқан ақпа ақын, Әбділдә Тәжібаевтан бата алған хас өнерпаз. 

Атылған оқ, төгілген қан, жат жерде мерт болған жерлестер, қарулас жауынгерлер 95-тегі майдангердің тың санасында мәңгілік сақталады. Әлі күге көз алдынан кетер емес. Бұл көріністер енді қайталанбасын, өскелең ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін түсіне білуі тиіс, - дейді  ардагер.    

Даниел Шайынғазин

Тақырып бойынша материалдар

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
20:50, 17 қыркүйек 2020
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 21 АДАМ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМҒАН
Толығырақ...
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...