ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

20:30, 8 қыркүйек 2020

Облыста күзгі аңшылық маусым басталды. Жалпы, ел аумағында 1 тамыздан бұғы аулауға рұқсат берілген. Ал бесінші қыркүйектен аңшыларға суда жүзетін жабайы құстарды және елікті атуға болады. Маусымның ашылуына байланысты орман шаруашылығы инспекциясының мамандары рейдтік шараларды жүргізуде.

Аң аулау ережелеріне сәйкес биылғы жылдың қыркүйек айының бірінші сенбісінен бастап облыс аумағында суда жүзетін құстарды - қаз, үйрек аулауға рұқсат етіледі. Бірінші қараша мен келер жылдың 15ші ақпаны аралығында қоян мен түлкі сияқты аңдарды аулауға болады.

Айта кетейік,аңшылардың қару-жарақты ұстауға ішкі істер министрлігінен арнайы рұқсатнамасы болуы тиіс. Бір жерден екінші жерге жылжығанда қару міндетті түрде оқсыз режимге қойылуы керек. Осы ережелерді орындамағандар арнайы рейд барысында құрықталды. Барлығы 12 құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Аңшының рұқсат қағазында атып алған жануардың болмауы сияқты жағдайлар да кездескен.

Инспекция қызметкерлері жануарлар әлеміне ұқыпты қарау және аң аулаудың белгіленген ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.Ал аңшылықты ермек ететін облыс азаматтары аталған ережелерді жадында ұстаса, маусым бойы олжалы болары сөзсіз.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...