ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АНАЛАР АЛҚА ТАҚТЫ

20:01, 6 наурыз 2020

Облыс әкімі сегізінші наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай көпбалалы аналарды марапаттау рәсімін өткізді. Баршамызға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттау туралы шешім қабылданған болатын, Биыл Қостанай облысында тұратын 23 анаға осындай құрмет көрсетіліп отыр. Бұл - мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға үздіксіз қолдау көрсетудің бір ғана көрінісі.

Облыс әкімінің қатысуымен өткен отырыс әдеттегіден айрықша форматта өрбіді. Сипаты – салтанатты, мазмұны – мерекелік көңіл-күйде көрініс тапты. Өйткені, кездесуге келгендер – мейрам иелері, ардақты да аяулы аналар қауымы. Бүгін олар үшін ерекше күн.   

Себебі, асыл жандар аймақ әкімінің қолынан өздеріне тиесілі алтын және күміс алқаларын алды. Осы орайда облыс басшысы кездесуге келгендерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.  

Бұл басқосудың басты кейіпкерлері - бар өмірін балаларына арнаған батыр аналар. Жиында айтылған жылы лебіздердің барлығы тек солардың құрметіне арналады. Өйткені, ұрпақ өрбітіп, ел азаматтарының санын арттыруға аналардың қосқан үлесі қомақты. Айта кетейік, Елбасы тапсырмасына орай 2010- жылдан бастап «Алтын алқа» наградасы - 7 баланы, ал «Күміс алқа» 6 баланы тәрбиелеген аналарға берілетін болып ұйғарылды.

Жалпы, елімізде, соның ішінде Қостанай облысында көп балалы отбасыларға зор қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінде өңір аумағында 5589 көпбалалы отбасы тұрып жатыр. Жыл басынан бері бұл отбасыларға арнайы жәрдемақы төленуде. Сондай-ақ, олардың балаларына мемлекеттік әлеуметтік пакет беріле бастады. Алдағы уақытта да бұл қолдау түрлері жалғасын табатын болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...