ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Ана мен бала мүддесі қорғалады

20:40, 6 желтоқсан 2017

Қостанайда осыдан төрт жыл бұрын ашылған «Аналар үйі» тастандылардың азаюына сеп болып отыр. Осы уақыт аралығында бұл жерден 128 қорғансыз қыз-келіншек пана тапқан. Жобаны әрі қарай ойдағыдай жүзеге асыру үшін игі істің бастамашылары алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар атқармақ.

Өзім ұнатып, таңдаған, енді үй боламыз деп жүрген жігітім жүкті екенімді естігенде, баладан құтыл,-деді. Алайда мен бейкүнә сәбиді өлімге қия алмадым. Сүйіктім үшті-күйлі жоғалды содан, -деп бастады әңгімесін Зарина есімді «Аналар үйінің» тұрғыны. Бөбегін бауырына басқан ол амалсыз «Аналар үйіне» келген. 

Жергілікті мейірімді жандардың көмегімен «Аналар үйі» 2013 жылы ашылған. Жалға алған екі қабатты коттедж үйде бір мезгілде он ана, он бала өмір сүре алады. Олардың жылы да жайлы баспанада қысылмай-қымтырылмай өмір сүруіне бар жағдай жасалған. Бір жыл бойы балалардың киім-кешегі, ішіп-жемі қамқоршылардың мойнында.

Мұнда негізінен баласынан бас тартқысы келген жас әйелдер келеді. Олармен психолог мамандар жұмыс жасайды. Райынан қайтарады. Шама келсе, қыздарды жігіттерімен табыстырып, үйленіп, отау болып кетуіне қолдау көрсетеміз. Ата-аналарының бетін бері қаратуға, қыздарына қол ұшын беруіне ықпал етеміз,- дейді «Аналар үйінің» директоры.

Тақырып бойынша материалдар

«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
18:36, 13 желтоқсан 2017
«100 нақты қадам» сот жүйесін жетілдіре түсті
Толығырақ...
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
18:00, 13 желтоқсан 2017
Үздік әскери қызметкерлер кеші өтті
Толығырақ...
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
17:57, 13 желтоқсан 2017
Қызметтік көлікті мақсатсыз пайдаланғандар жауапқа тартылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...