ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 5,3 МИЛЛИОН ГЕКТАР ЖЕРГЕ ДӘН СЕБІЛЕДІ Толығырақ

«АНА МЕН БАЛА» АЛЛЕЯСЫНА ГҮЛДЕР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

20:35, 15 мамыр 2019

Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурен – жанұясында өтеді. 15-ші мамыр – халықаралық отбасы күні. Мерекеге үн қосудан өңірлік іскер әйелдер де қалыс қалмады. Айтулы күн аясында, олар «Ана мен бала» аллеясына сәнді гүлдер отырғызды. Тәлімі мен тәрбиесі мол іс-шараға куә болған тілшіміз жалғастырады.

Бұл - «Ана мен бала» аллеясы. Көздің жауын алатын гүлзарлар қанат жайған соң, аталмыш аллея көрікті саябаққа айналады. Болашақ аналардың демалып, тынығуы үшін мұнда орындықтар да қойылмақ.

Игілікті іске өз үлестерін қосуға келген «Жомарт жүрек» еріктілер қоғамының мүшелері де белсенділік танытты. Бұл жерге сәнді гүлдер мен ағаш түптері отырғызылды.

Айта кетейік, бұл шара іскер әйелдердің мұрындық болуымен қолға алынған келелі іс. Аталмыш аллеяда қанат жайған әсем гүлдер – болашақ аналардың сүйікті саябағына айналатыны сөзсіз.

 

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЖАБАЙЫ ИТТЕРДЕН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН
20:50, 24 мамыр 2019
ЖАБАЙЫ ИТТЕРДЕН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:43, 24 мамыр 2019
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР – ЕЛ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...
ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК
20:38, 24 мамыр 2019
ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЫҚПАЛДАСТЫҚ АРТА ТҮСПЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
09:35, 21 мамыр 2019
БІРЛЕСКЕН ІС-ҚИМЫЛ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...