ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АЛИМЕНТ ҚАРЫЗЫ 70 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙДЫ

20:02, 11 наурыз 2020

Алимент төлемеу - бұл әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі. Бүгінде алимент қарызы бойынша борышкерлер саны 400-ден асады. Қарыз көлемі 70 млн. теңге шамасында. Баласына ақша төлеуден жалтарған азаматтармен күрес жалғасатынын айтады сала мамандары. Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесі де әділет департаменті назарынан тыс қалған емес. «Аdidas», «Head & Shoulders», «ИКЕА» сияқты беделді брендтердің атын жамылған 12 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

Облыс бойынша 14 мыңдай алиментші болса, соның 300- ге  жуығы берешектерін мүлдем өтемей жүр. Қазір алимент қарызы 70 млн теңгені құрайды.  40  адам әкімшілік жазаға тартылыпты.  Әділет департаменті парызынан жалтарып жүрген әкелерді жұмысқа орналастыру жұмысын да қолға алыпты. Былтыр 30 әке екі қолға бір күрек тапқан.

Зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселесіне де көп көңіл бөлініп отыр. Сала қызметкерлері жүргізген тексеріс нәтижесінде, беделді брендтердің атын жамылып,  пайдаға кенелмек болған 12 азамат  әкімшілік жауапқа тартылды. Оларға салынған айыппұл 600 млн теңгеден асады. 

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
20:24, 29 мамыр 2020
АСЫЛДАРЫН ЖОҚТАҒАН ҰРПАҚ СҮЙЕГІН ІЗДЕЙДІ
Толығырақ...
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...