ШҰҒЫЛ! «ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ Толығырақ

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ КҮН СУЫТАДЫ

20:51, 7 қараша 2019

Тұман, көктайғақ, бұрқасын. Алдағы тәуліктерде облыс аумағында күн суытады деп болжап отыр синоптиктер. Айтуларынша, демалыс күндері ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендейді. Жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқарушылар көлік жүргізушілеріне қауіпсіздік шаралары жөнінде ескертеді. Төтенше жағдай қызметкерлері көлік доңғалақтарын қыс мезгіліне ыңғайлап алуға кеңес береді.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде облыс аумағында жауын-шашын болып, ол кейін қарға ұласады. Жекелеген аудандарда қатты бұрқасындатып, желдің жылдамдығы секундына 15- 20 метрге дейін күшейеді.

Табиғаттың тосын мінезі әсіресе темір тұлпар тізгіндегендерге көп жағдайда қиындықтар туғызатыны белгілі. Ауа райының күрт өзгеруі жол апаттарының жиілеу түсуіне әкеп соқтырады. Есетеріңізге сала кетейік, осы аптада Ақтөбеде 200-ге жуық автокөлік қар құрсауында қалып қойды. Оның дені жүк көліктері. Төтенше жағдай қызметкерлерімен құтқару жұмыстары жүргізіліп, зардап шеккендер жақын маңдағы жылыту орындарына жеткізілді. Сол себепті, тиісті мекемелер жолдарда көлік козғалысын ерекше бақылауға алмақ.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ
20:45, 11 қараша 2019
«ШӨП ТАМЫРЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАПАҒАТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
20:38, 8 қараша 2019
ЭЛЕКТРОНДЫ ТӘРТІПТЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ҮЛЕСІ АРТПАҚ
Толығырақ...