ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!

20:56, 19 қыркүйек 2019

Абайлаңыз, интернет алаяқтары! Қостанайда ғаламтордағы алаяқтық фактілері жиіліген. Жақында ғана 40 жастағы әйел «Сатушылар» шотына 800 мың теңге аударып, алданып қалған. Олар өзінің шотына ақша түсісімен жым-жылас жоқ болған көрінеді. Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Қостанайлықтардың интернет алаяқтарының құрған торына алданып қалуы жиілеп барады. Облыстағы жедел әрекет ету қызметкерлері жыл басынан бері интернет арқылы алаяқтық жасағандардың 115 қылмысын әшкереледі, соның ішінде қозғалған 30 қылмыстық іс бойынша нақты шешім шығарылып, алаяқтар жауапкершілікке тартылды. Зардап шеккендердің басым көпшілігі алаяқтықтардың құрған торына OLX және Колеса.kz. сайттары арқылы түсіп жатады екен. Мәселен, 40 жасар қала тұрғыны ОЛХ сайты арқылы 80 мыңға жұмсақ жиһаз сатамын деп, танымайтын біреудің шотына 800 мың теңге аударып жіберген.

Интернетте алдаудың ең көп тараған түрі - көпке танымал "OLX" және "Колеса" сайттарында нарықтағы бағадан төмен сатылатын тауарлар туралы хабарландырулар. Онда жәбірленушілердің көбі алаяқтың шотына электрондық төлеу құралдары арқылы ақша аударып, алданып жатады. Сондықтан. мамандар жеке және қаржы мәліметтерін құпия сақтауды ескертеді.

Полицейлер тегін интернет-порталдары арқылы мүлік саудасына, тауарды сатып аларда алдын ала төлем жасамау керектігін, бөтен адамдарға ақша аударудан бас тартып, барынша қырағы болуды ескертеді.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН
20:30, 4 маусым 2020
ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНДЕ КӘСІПКЕРЛЕР КӨБЕЙГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
20:19, 1 маусым 2020
БЛОКПОСТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН МАМАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
20:20, 1 маусым 2020
АУЫЛДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР ҚАТАРЫ АРТҚАН
Толығырақ...