ШҰҒЫЛ! ҰРЫ БАНКИР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЖҰМЫСЫНА ШАҒЫМДАНДЫ

20:46, 4 шілде 2019

Қостанай қаласының тұрғындары электронды қызметтің сапасына шағымданды. Бүлдіршіндерін балабақшаға электронды түрде кезекке қойғысы келген ата-аналар кедергілергге тап болған. Айтуларынша, сайт дұрыс жұмыс істемей, ақпараттық жүйеде іркіліс пайда болып, бұл қолайсыздық тудырған. Мәселе аймақаралық жұмыс тобының отырысында қаралды. Қандай шешім шығарылды? Тілші тарқатсын.

Балабақшаға электронды түрде кезекке тұру – бүгінде сұранысқа ие онлайн  қызметтердің бірі. Бұл  кезектің тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, жемқорлық фактісінің алдын алуға әрі уақыт шығынын қысқартатыны белгілі. Дегенмен, ақпараттық жүйенің артықшылығымен қатар, кемшіліктері де жоқ емес.   Аймақаралық жұмыс  тобының отырысында осы мәселе талқыға түсті. Сәбилерін мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелеріне  кезекке тіркегісі  келген екі ата – ана сайттың жұмысына шағымданған. 

Бағдарламадағы іркілістің пайда болуын сала мамандары сапасыз сервердің жұмысымен  түсіндіреді. Алайда, олқылықтың орын алуы көпшіліктің наразылғын тудырғаны рас. 

Білім министрлігінің өкілдері өз кезегінде  жағдайды тез арада реттейтіндерін  жеткізді. Қуаттылығы жоғары  сервер орнататындарын уәде етті. 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ 100-ДЕН АСТАМ АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
20:39, 21 қараша 2019
ҚАЛА ӘКІМІ 100-ДЕН АСТАМ АЗАМАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
20:42, 18 қараша 2019
АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
20:47, 19 қараша 2019
ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ МЕН РУХАНИ БАҒЫТЫ
Толығырақ...