ШҰҒЫЛ! ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ Толығырақ

АЙМАҚТА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

20:30, 9 қыркүйек 2020

Аймақ аумағында діни ахуал тұрақты. Мешіт имамдары мен облыстық дін істері жөніндегі басқарма мамандары осындай пікірде. Олар мұндай оң нәтижеге зайырлы ұстаным мен өңір тұрғындарының наным-сенімдеріне деген құрметтің арқасында қол жетіп отырғанын айтады.

Азаматтарды әр түрлі теріс бағыттағы секталардың құрығынан сақтап қалу үшін діни сауаттылықты арттыру қажет. Облыс бойынша деструктивтік діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығына жылына 50 адам қолдау сұрап келеді екен. Алайда, еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда аймағымызда діни ахуал тұрақты.

Өмірде күйзеліске ұшыраған, сезімтал адамдар діни ағымдар тырнағына ілігіп жатады. Енді бірі алданып қалады. Ал одан кейін үйдегі ақша, мүлікті тасып,отбасының шырқын бұзады. Денсаулықтарына зиян келеді.Ең соңында есі ауысқандар ауруханасынан табылады,не өздеріне қол жұмсайды. Осындай жағдайларды болдырмау үшін Қостанай облысы бойынша 700-ге жуық ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда, карантинге байланысты бұл іс-шаралар онлайн түрде ұйымдастырылды.

Жат ағымдардың жетегінде кететіндердің көбі жастар.Олардың оңай алданып қалуының негізгі себебі ұстазсыз діни білім алу, дейді мамандар. Одан бөлек, дінтанушылар енді ғана әуестеніп жүргендерді оңалту оңай екенін, ал 5-6 жыл тұрақты жат ағымдықтармен араласып жүргендерді қоғамға бейімдеу қиынға соғатынын айтады.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
20:30, 21 қыркүйек 2020
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗ ҮШІН ЕМЕС!" ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
20:49, 17 қыркүйек 2020
ТЕАТРЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА РҰҚСАТ...
Толығырақ...