ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

80 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

20:58, 3 қыркүйек 2019

Арқалық қаласында сексен жанұя қоныс тойын тойлауда. Баспаналы болу бақыты бұл жолы көп балалы отбасыларға бұйырды. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жүзеге асты.

Арқалықта соңғы жылдары баспана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның бір дәлелі - 6-шы шағын ауданнда бой көтерген  көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба мерзімінде тапсырылды, қаражат толығымен игерілді. Мердігер компания өкілдері құрылыс материалдарының сапасы талапқа сай екендігін айтуда.  Пәтер кілті 80-ге жуық көпбалалы отбасыға табыс етілді. 

Жалпы шағын шаһарда өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Қазір бұндағы өнеркәсіп саласының үлесімен қатар, инвестиция көлемі де артқан. Қуатты кәсіпорындардың бірі «Торғай ет» ЖШС-нің директоры осыны атап өтіп, қоныс тойын тойлаушыларды құттықтады.

Қала басшыларының айтуынша мемлекеттік бағдарлама бойынша қолға алынған жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның ішінде баспана құрылысы да алдағы уақытта қарқын ала түспек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар