8 наурыз темір торда да тойлана ма?

8 наурыз халықаралық әйелдер күні темір тордағы қыз – келіншектер де ескерусіз қалмады. Қостанайдағы УК 161/ 11 қоныс колониясында мерекелік іс - шара ұйымдастырылды.

17:15, 10 наурыз 2017   282

Көңілді көктеммен келетін мерейлі мерекені барлық әйелдер жылда асыға күтетіні  анық.  Бостандықтың бағасын білмей, шалыс басып қазір жазасын өтеп жатқан нәзік жандылар да бұл күні мерекелік көңіл - күйге бөленгісі келетіні белгілі. Сондықтан түзету мекемесінің қызметкерлері оларды назардан тыс қалдырмады. Мерекелік іс шарада абақтыда отырған  арулар бір сәт қиындықты ұмытып, ән айтып би биледі. Осылайша,  өнерден кенде  емес екендерін  көрсетті. Көпшіліктің көңілін бір марқайтып тастады. Мұндағы сотталған қыз – келіншектердің тілегі- тезірек  бостандыққа шығу. 

Айта кетейік, қазір бұл мекемеде  20–ға жуық қыз - келіншек  жазасын өтеуде. Бәрі  жұмыспен қамтылған. Еңбегіне қарай, жалақы алады. Ал мұндай мерекелік  шара олардың жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етпек, - дейді колония қызметкерлері.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-66-60