ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН. ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ Толығырақ

798 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

20:30, 21 қыркүйек 2020

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жұмысы үш бағытта жүргізіледі. Біріншісі – азаматтарды техникалық біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамту. Екіншісі – кәсіпкерлік саласын дамыту. Соңғысы - халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Жастар практикасы бойынша жолдама алып келген түлектер экономист, бухгалтер  мамандықтары бойынша 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі аралықта тәжірибеден өтеді. Осы бағдарлама арқылы Әйет ауылдық округінің әкімдігінде тәжірибе жинақтап жүрген Жанабай Ержанов пен Күнсұлу Тоқышева болашақта осы жерде әрі қарай жұмысты жалғастырсақ деген ойлары бар.

Жас маман иелері кіріс-шығыс құжаттарын тіркеп, бас мамандардың көмегіне сүйеніп өздеріне тапсырылған жұмыстарды тиянақты орындауда. Түлектерді алғаш практикаға келген күннен бастап әкімшілік ұжымы жақсы қарсы алған.

Мына балық ыстайтын қондырғының құны  600 мың теңгеге жуықтайды. Заманауи технология арқылы балық өнімі небәрі 3 сағатта дайын болады. Сүзгіден өткізілген түтін балықтың бойына жат иісті сіңіртпейді. Аудан тұрғыны Андрей Бабичев Бастау Бизнес жобасы арқылы грантқа ие болып, осы қондырғыны сатып алған.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында аудан бойынша 798 адам қамтылды. 65 адам «Бастау бизнес» жобасы аясында қысқа мерзімді оқыту курстарына жіберілді.16 грант бөлінді.

Ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында атқарылып жатқан жобалар да аз емес. Жолдар жөнделіп, әлеуметтік нысандар қалыпқа келтірілуде.

Бауыржан Қасымқан

Тақырып бойынша материалдар

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
20:45, 28 қазан 2020
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКС ЖОБАСЫ БІРІНШІ ОҚЫЛЫМДА МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
20:32, 27 қазан 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
20:28, 27 қазан 2020
АУЫЛДАҒЫ АМБУЛАТОРИЯЛАР ЖАҢҒЫРЫП КЕЛЕДІ
Толығырақ...
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
20:32, 26 қазан 2020
ТҮСТІКТЕН ТЕРІСКЕЙГЕ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР КӨП
Толығырақ...