ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

20:24, 21 қаңтар 2020

Қостанайда 7-ші бағыттағы маршурт жаңа шағын автобустармен толықты. Енді жолаушылар тасымалы біршама оңалатынын атап өтті сала ммандары. Бұрын бұл нөмірлі маршрутпен тек үлкен автобустар ғана жүретін, бірақ компания өкілдері оның өте тиімсіз екенін айтып отыр. Себебі жолаушылар аз қатынайды, ал қоғамдық көліктердің сыйымдылығы үлкен болғандықтан жанар жағармай көп кетеді.

Жұмабай Бижанов-жетінші бағыттағы шағын автобустардың іске қосылғанына қуанышты жолаушылардың бірі. Жұмыс бабымен осы бағыттағы маршрутпен күніне 2-3 мәрте қатынайтын кездері болады. Жаңа микроавтобустар жүре бастағасын көлік қозғалысы да жанданып,  жұмысқа қатынау жағы жеңілдеген екен. 

Сыйымдылығы 13 орынға шақталған  микроавтобустардың іші талапқа сай. Жолаушылар үшін барлық жағдай қарастырылған.

Жалпы бүгінгі күні Қостанай қаласында 7- ші бағыт бойынша 12 көлік  қатынаса, оның  үшеуі  шағын автобустар. Болашақта осындай сыйымдылыға аз қоғамдық көліктердің санын көбейту көзделген.  Жанар жағармай  шығыны  аз кетеді. Қысқасы,  өте тиімді деп отыр автопарк өкілдері. 

Естеріңізге сала кетейік, жетінші бағыт бойынша автобустар  Бородин , Победы  , Алтынсарин, Нариман көшелерінен бастап, Герцена,  КСК, Садовод аялдамасына дейін тасымалдайды. Автобустарды күту интервалы 10-12 минут .

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
20:38, 27 ақпан 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
20:33, 27 ақпан 2020
ШАҒЫН ШАҺАРДА ШАҒЫН КӘСІП АШҚАН ШАШТАРАЗ
Толығырақ...
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
20:31, 27 ақпан 2020
КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...