ШҰҒЫЛ! 119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК Толығырақ

43 ОТБАСЫНА БАСПАНА АЛУҒА ПАЙЫЗСЫЗ ҚАРЫЗ БЕРІЛДІ

20:42, 7 қазан 2019

Қостанай облысында бюджеттік мекеме қызметкерлеріне баспаналы болудың жаңа мүмкіндіктері ұсынылып отыр. «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алушылардың бастапқы жарнасының жартысы бюджет есебінен төленеді. Бұл қарыз ақша еш өсімсіз, 15 жылға беріледі.

Әсем Сағитова екі баласымен, анасымен Заречный ауылына 1,5 жыл бұрын көшіп келген. Жоғары білімді ұстаз, бірден жергілікті мектепке орналасты. Жұмыс табылғанымен, баспана болмай біраз қиналғандарын айтады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдейін десе, алғашқы жарнасын төлеуге ақшсы жетпейді. Осы сәтте оған облыста былтыр қолға алынған жаңа жоба көмекке келді. 

Заречный ауылындағы мынау көп қабатты 11 үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша соңғы 2-3 жылдың ішінде салынған. Осы үйлерден берілген 42 пәтер иелері тұрғын сертификатына ие болды. Яғни оларға қайтарымды процентсіз қарыз ақша берілді. Бұл жеңілдікке ие болудың өз шарт-талаптары бар.

Жалпы, осы күнге дейін 7-20-25 бағдарламасы аясында 486 өтініш қанағаттандырылған. Бұл, ақшаға шаққанда 3,5 миллярд тенге. Ал облыс бойынша биыл 250 мың шаршы метр тұрғын үй тапсыру жоспарланып отыр.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
20:45, 21 қазан 2019
119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
20:47, 16 қазан 2019
ҮШ МИЛЛИОН ТОННА АСТЫҚ ҚАМБАҒА ҚҰЙЫЛДЫ
Толығырақ...