ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

4 000 ТҰРҒЫН ХҚКО ЖЕҢІЛДІК ТЕРЕЗЕСІ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛДЫ

20:30, 29 шілде 2020

Карантин кезінде 4 мыңнан астам қостанайлық тұрғынға халыққа қызмет көрсету орталығының жеңілдік терезесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бұл зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасылар үшін ұйымдастырылған. Жеңілдік терезесіне міндетті түрде онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау қажет.

Төтенше жағдай режимі кезінде  Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыстың жаңа форматына көшкені белгілі. Қазіргі күні мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы электронды түрде қолжетімді. Сондықтан енді ХҚКО  онлайн түрде қолжетімсіз яғни  "қағаз" жүзіндегі қызметтер ғана ұсынылады. Тек  азаматтардың үш санаты, атап айтқанда, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар мен мүгедектер бұрынғыдай ХҚКО-да электрондық қызметтерді ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезелері ұйымдастырылған.

Карантиндік шектеулер аясында аталған бастаманы  тұрғындар жоғары бағалауда. Жеңілдік терезесіне онлайн түрде кезек уақытын алдын ала брондау  egov.kz порталы, немесе 1414 байланыс орталығы арқылы іске асады. Мамандардың сөзінше бүгінде  брондау сервисінің қызметі жетілдірілген.

Бұл жаңашылдықтар  қызметтерді жылдам әрі сапалы алуға көмектеседі. 

Инара  Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
20:30, 13 тамыз 2020
АУДАНДА 11 ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
20:30, 10 тамыз 2020
БИЫЛ 29 ЕЛДІ МЕКЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...