ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

35 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ СУҒА БАТЫП КЕТТІ

20:30, 15 шілде 2020

Қостанай облысының құтқарушылары 35 жастағы ер адамның денесін судан алып шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Қарабалық ауданының Шадықсай ауылынан үш шақырым жерде болған. Құтқарушылар Үй өзенінен 35 жастағы ер адамның денесін алып шыққан. «Дәл осы күні жергілікті ТЖ бөлімінің қызметкерлері ірі ауылшаруашылық кәсіпорнының мамандарының қатысуымен жиналыс өткізді. Отырысқа қатысушылар өрт қауіпсіздігі, су нысандары мен ормандағы қауіпсіздік мәселелерін қарастырды. Бірақ, мамандардың нұсқаулығына қарамастан ер адам отбасымен демалыста жүргенде шомылу кезінде батып кеткен. Оқиғаның мән-жайлары анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», делінген ТЖД баспасөз хабарламасында. Айта кетейік, оқиға орнына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының бес құтқарушысы, бір жүзу құралы мен техникасы, аудандық полиция бөлімінің төрт қызметкері жұмылдырылды.

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІНДЕ
20:30, 11 тамыз 2020
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР БЕЙНЕСІ - ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАСБЕТТЕРІНДЕ
Толығырақ...
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
20:30, 11 тамыз 2020
БІЛІМ САЛАСЫНДА 124 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...