ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ

20:37, 18 қазан 2019

Түрлі табиғи апаттардың алдын алып, тілсіз жаудың ошағын тез жою және адамдарды ажал тырнағынан арашалап қалу. Кез келген тәуекелге бел бууға даяр құтқарушылар қандай құрметке де лайық. Қостанайда құтқарушылар да төл мейрамдарын атап өтті. Салтанатты шарада батырлығымен көзге түскен төтенше жағдай департаменті қызметкерелрі алғыс хаттармен марапатталды.

Ержүректік, қайсарлық және абырой. Қайғылы жағдайға тап болғанда жедел әрі батыл қимылдап, жәрдем жасайтын осы құтқарушылар. Адамдар өмірін құтқару – бұл мамандықтың ең басты міндеті.

Құтқарушы – қауіп-қатерге толы мамандық. Бірақ, осыны біле тұра, өз еріктерімен абыройлы міндетті мойына артқан ерлер жетерлік. Солардың бірі - Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Еламан Әзімбаев. Ол кішкентайын құтқарушы болуды армандаған.

Жалпы бүгінгі күні төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын жетілдіруге үкімет тарапынан көп көңіл бөлінуде. Ғимараттардың өрт қауіпсіздігі шаралалары күшейтіліп, өрт қызметтерін барлық қажетті техникамен қамтамасыз ету жолға қойлған. Департамент құрылымында 1500 адам қызмет етеді. Аймақтағы өрт бөлімшелері арнайы техникалармен қамтылған. Биыл апаттық құтқару жасағы 10 мыңнан астам түрлі құтқару шараларына қатысып, мыңнан астам адамның өмірін аман сақтап қалды. Сол үшін оларға қандай құрмет-қошеметке де лайық. Еңбегімен ерекшеленгендерге салтанатты шарада облыс әкімі атынан мақтау қағаздар табыс етілді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
20:30, 9 шілде 2020
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛА ТҮСКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар