ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА Толығырақ

119 БІРЫҢҒАЙ НӨМІРІ: ТЕГІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК

20:45, 21 қазан 2019

Қоңырау шалып, құқықтық кеңес ал! Биыл Қазақстанда құқықтық көмек көрсететін 119 бірыңғай нөмірі іске қосылған болатын. Мемлекеттік орган өкілдері бұл желінің тиімділігі өте көп деп отыр. Өйткені, тұрғындар тегін заңгерлік көмек алу мүмкіндігіне ие. Он ай ішінде облыста ондаған тұрғынға тегін әрі білікті заңнамалық көмек көрсетіліпті. Олардың басым бөлігін алимент қарызын өндіріп алу, зияткерлік меншік бойынша, сот актілерін орындау бойынша және адвокаттардың қызметіне қатысты сауалдар толғандырған.

Жоба Әділет Министрлігінің бастамасымен қолға алынды. Мақсаты- халықпен кері байланыс жүйесін ұйымдастыру. Артықшылығы - азаматтар тәулік бойы тегін құқықтық көмекке қол жеткізе алады. Яғни, еліміздің әр аймағынан ақпарат қызметінің 119 бірыңғай нөміріне құқықтық сұрақтар бойынша қоңырау шалған азаматтар тегін заңгерлік кеңеспен қамтылады.

Бүгінде осы жобаның көмегімен азаматтардың сот актілерін орындау бойынша, оның ішінде алимент қарыздарын өндіріп алу жөнінде күрделі мәселері шешілді. 119 бірыңғай нөмірі халыққа білікті заңгерлердің көмегін көрсету мақсатында іске қосылды. Бұл азаматтардың уақыты мен қаржысын үнмедеуден бөлек, құқықтық сауаттылық деңгейін көтермек.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
20:49, 15 қараша 2019
«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
20:41, 13 қараша 2019
30 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...