ШҰҒЫЛ! ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН Толығырақ

1142 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

20:26, 13 тамыз 2019

Облыс полицейлері отбасылық - тұрмыстық қылмыстардың алдың алу мақсатында «Тұрмыс» атты жедел - профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында тәртіп сақшылары әкімшілік қадағалаудағы азаматтарды тексерді. Әсіресе, түрлі дәрежедегі шектеулері бар адамдарға ерекше көңіл бөлінді.

Мысалы, бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға, сот белгілеген аумақтан тыс жерлерге баруға, белгілі бір уақытта тұрғын үйден шығуға тыйым салынған азаматтар қадағаланды. Аталмыш іс-шара барысында 1142 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында 434 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегін анықтады, 13 әйел дағдарыс орталықтарына жіберілді, құқық бұзушылыққа бейім 4457 адаммен профилактикалық әңгіме жүргізді. 63-тен астам қолайсыз отбасы анықталып, профилактикалық есепке алынды. 34 адамға қатысты спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынған. 

Полицейлер атап өткендей, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы қылмыстарды бұрын қылмыстық жауапқа тартылған азаматтар жасайды. Отбасы оқиғаларының негізгі себебі қызғаныш және туыстар арасында кенеттен туындаған түсініспеушіліктен болады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ
20:27, 14 қаңтар 2020
ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛҒАН БАЛЫҚШЫЛАР ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ КҮШЕЙТІЛДІ
20:23, 14 қаңтар 2020
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар