ШҰҒЫЛ! ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

«100 ЖАҢА ЕСІМ»: ЖОБА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНАН ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

20:54, 4 қазан 2019

Жетістіктерге жетелейтін жүз жаңа есім! Елімізде «2019 жылғы 100 жаңа есім: жас қазақстандықтардың табыс тарихы» жобасына өтінімдер қабылдау басталды. Ол қазан айының 20-на дейін жалғасады. Жобаның мақсаты – талантының арқасында толағай табыстарға жеткен азаматтар мен ел үшін еңбек еткен тұлғаларды насихаттау, жастарға үлгі ету.

Ұлттық руханиятымызға жаңа серпін беретін «Жүз жаңа есім» жобасының үшінші маусымы! Естеріңізге сала кетейік, байқау 2017-ші жылдан бері өткізіліп келеді. Екі жылдың ішінде жобаға 5 мыңға жуық адам қатысса, соның 180-нен астамы қостанайлық азаматтар.

«Жүз жаңа есім» жобасы – жастардың қоғамдағы ролін арттырып, ұлттық руханиятымызға серпін беретін бірегей жоба. Байқау барысында белгіленген шартқа сәйсек, олардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер түсіріліп, теле-радио бағдарламаларда насихатталу керек. Табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына ел еулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау. Бұл – жобаның басты мақсаты.

Айта кетейік, қатысатын адамдар «100janaesim.ruh.kz» сайтында сауалнаманы толтыруы қажет. Қатысушы сенімді әрі нақты ақпарат беруге міндеттеледі. Барлық өтінімдер модерациядан өтіп, кейін сайтта жарияланып, желіде дауыс беруге рұқсат алады. Сонымен қатар, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері, спорт және бизнес өкілдерінен тұратын қазылар алқасының қарауына ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау 20-шы қазанға дейін жалғасады.

Гүлжан Жеңіс

Тақырып бойынша материалдар

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛДЫ
17:18, 29 мамыр 2020
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 СЫРҚАТТАНУДЫҢ 16 ЖАҒДАЙЫ АНЫҚТАЛ...
Толығырақ...
«BIRGEMIZQAMQOR» ЖОБАСЫ: ЕРІКТІЛЕР ОНЛАЙН ОҚУДА
20:29, 28 мамыр 2020
«BIRGEMIZQAMQOR» ЖОБАСЫ: ЕРІКТІЛЕР ОНЛАЙН ОҚУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
20:19, 26 мамыр 2020
ӘДЕП НОРМАЛАРЫН БҰЗУ ДЕРЕКТЕРІ ТӨМЕНДЕГЕН
Толығырақ...
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
20:04, 25 мамыр 2020
200 ШАҚЫРЫМНАН АСА ЖОЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...