ШҰҒЫЛ! ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН ЖӘРДЕМАҚЫ КӨЛЕМІ ӨСТІ Толығырақ

«100 НАҚТЫ ҚАДАМ»: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ОРТАҚ МІНДЕТ

13:00, 11 қаңтар 2019

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында басымдық берілген басты бағыттың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Оны жүгендеуге қатысты өңірде жүргізіліп жатқан шаралар оң нәтиже беріп келеді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Төтенше жағдай қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында, коррупциялық фактілердің төмендегені мәлім етілді.

Еліміздегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттардың  бірі – жемқорлықпен күрес. 2001 жылдан бері, күні бүгінге дейін коррупциялық іс – әрекеттері үшін 11 мыңнан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Осы орайда, Агенттік өкілдері мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселелері бойынша түрлі іс – шаралар өткізіп келеді. Кезекті мәрте ұйымдастырылған жиынға  төтенше жағдай қызметкерлері қатысты. Парақорлықпен күрес – ішкі тұрақтылықты сақтаудың басты құралы, дейді мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы

Өңір бойынша аудан мен қалаларда 1160 құтқарушы, өрт сөндіруші қызмет етеді. Айта кету керек, табиғи және техногенді апаттардың залалын жоюға қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Ол мақсатты жұмсалуы тиіс. Құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында  профилактикалық іс – шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады.Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар соңғы жылдар ішінде анықталмаған. 

Өңірде, жемқорлық фактілері жылма – жыл азайып келеді.  Қоғамдық кеселдің алдын алу мақсатында түрлі қанатқақты жобалар өз жемісін беруде. Заң алдындағы жауапкершілікті  түсіне отырып шешім қабылданса, пара алу мәселесінің түйіні тарқайтыны анық, - дейді жиын бастамашылары.

Тақырып бойынша материалдар

112 ЕСКЕРТЕДІ! ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
18:19, 16 қаңтар 2019
112 ЕСКЕРТЕДІ! ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН ҰМЫТПАҢЫЗДАР!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
13:05, 14 қаңтар 2019
«ЖАСТАР ЖЫЛЫ» ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
18:17, 16 қаңтар 2019
ҚАЗАҚСТАН КІТАПХАНАЛАРЫ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Толығырақ...