ШҰҒЫЛ! 7- ШІ БАҒЫТТАҒЫ МАРШРУТ ШАҒЫН АВТОБУСТАРМЕН ТОЛЫҚТЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: БОЛАШАҚҚА ОҢ КӨЗҚАРАС – ТАБЫС КЕПІЛІ

18:25, 10 қыркүйек 2019

Үш жүздің басын біріктірген Абылай қазақтың сайран даласын «жағасын жайлау ел етсем, мерейім биік, бағым зор, ырысын шалқар көл етсем» деп армандаған. Сол арманға қазақ өткен ғасырдың аяғында жетті. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деді.

Ата Заң – халықтың құқы мен бостандығын қорғаумен қатар, ел ішіндегі біртұтастықты да қызғыштай қорып отыр деуге толық негіз бар. Жаһан әлем – тапырық болып, түрлі саяси ойындардың салдарынан түрлі оқиғалар болып жатқан замандағы мызғымаған бейбітшілігіміз соған дәлел. 1993 жылғы Конституция 1995 жылы бүкілхалықтық референдумда қайта қабылданды. Елбасы басшылық еткен жұмыс тобы негізгі заңды заман талабына сай өзгертті.

Ширек ғасырда еліміздің экономикасы 22 есеге өсті. Халықтың тұрмысы жақсарды. Түрі, тілі, дініне қарап бөле-жармай, әр ұлттың өз мәдениеті, әдет-ғұрпын ұстанып өмір сүруіне жағдай жасалған.

Ата Заң заман талабына сай кемелдене береді. Бірақ нендей жағдай болғанымен, өзгертілмейтін тұстары бар. Олар – ел тәуелсіздігі, аумақтық тұтастық, басқару формасы, унитарлы мемлекет болып қалуы. Еліміздің Ата-заңы жайлы толығырақ сіздер Qostanai телеарасының Атамұра бағдарламасынан 11-ші  қыркүйек күні сағат 18:15-те көре аласыздар.

Бауыржан Қасымхан

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
20:35, 22 қаңтар 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: С.ЖАЛЫБИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
20:44, 19 желтоқсан 2019
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: С.ЖАЛЫБИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Толығырақ...
КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
20:38, 10 желтоқсан 2019
КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛДЫ
20:20, 20 қаңтар 2020
ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ШАРА ҚОЛДАНБАҒАН ИНСПЕКТОРДЫҢ ІСІ ҚАРАЛД...
Толығырақ...