ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Туған жерге тағзым!

20:57, 6 желтоқсан 2017

Тәуелсіздік күні қарсаңында туған елге тарту! Ертең, 7 желтоқсан күні Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Елбасы сыйлығының лауреаты, жерлесіміз - Сүндет Байғожиннің «Туған жерге тағзым» атты жеке шығармашылық кеші өтеді.

Опера жанрында өзіндік өрнегі мен алар орны орасан жерлесіміз көптеген мәртебелі халықаралық байқаулардың лауреаты. Бибігүл Төлегенова атындағы вокалистер байқауының Бас жүлдегері, Италиядағы Toti dal Monte халықаралық байқауының және Arena di Verona қоры опера әншілері байқауының жеңімпазы. Туған жер топырағында тұңғыш рет өткізгелі отырған жеке концертінің тақырыбын жерлесіміз кездейсоқ таңдамаған. Тобыл өңірінен түлеп ұшқан өнер иесі қостанайлық қалың тыңдармандарына сый жасамақ ниетте «Туған жерге тағзым» атты ән кешін ұйымдастыруды ұйғарыпты. Кең көлемде көрініс табатын концертке өзге де өнер иелері атсалысатын болады.

Еске сала кетейік, Сүндет Байғожиннің концерті облыстық филармонияда 7 желтоқсан күні 19.00-де басталады. Билетке m.ticketon.kz  желісі арқылы да тапсырыс беруге болады.  

Тақырып бойынша материалдар

«Жастар. Ауыл. Жаңғыру» конференциясы өтті
18:20, 13 желтоқсан 2017
«Жастар. Ауыл. Жаңғыру» конференциясы өтті
Толығырақ...
Рухани жаңғыру: Батыр тұлғадан - ізгі жол
20:44, 6 желтоқсан 2017
Рухани жаңғыру: Батыр тұлғадан - ізгі жол
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – ұлт болашағына бағдар
20:44, 23 қараша 2017
Рухани жаңғыру – ұлт болашағына бағдар
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
20:30, 8 желтоқсан 2017
2018-2020 жылдарға арналған бюджет бекітілді
Толығырақ...
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
20:34, 8 желтоқсан 2017
Шетелдік инвестиция көлемі 8,5 есе ұлғайды
Толығырақ...
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
18:00, 8 желтоқсан 2017
Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделері қорғалады
Толығырақ...