ШҰҒЫЛ! «QOSTANAI» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА ТЕЛЕМАУСЫМНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТУҒАН ЖЕРІҢ - ТҰҒЫРЫҢ!

13:17, 12 қыркүйек 2018

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Жыл бұрын жарияланған жарқын жоба арқылы Президент отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жерге, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталарын тілге тиек етті. Осы орайда, аймақ аумағында атқарылып жатқан ауқымды шаралар аз емес. Туған жерін түлету тұрғысында қолдан келгенше қарекет етіп жатқан азаматтардың бірі – Алтын дала ауылының тұрғыны Сағындық Есментаев.

Қостанай ауданына қарасты Алтын дала ауылы уақыт өткен сайын өсіп-өркендеп келеді. Өзі өмір сүріп жатқан өлкеге барынша көмек көрсетіп, туған жерінің дамуына үлес қосып жүрген жергілікті азаматтардың бірі – Сағындық Есментаев. Кәсіпкер бағдарлама басталысымен оң шараларды орындауға асыққанын айтады.

Туған жер» бағдарламасы біртіндеп келіп, «Туған ел» бағдарламасына айналуы тиіс. Яғни сен Отаныңды, еліңді сүю үшін ең алдымен ауылыңды сүюің керек. Ауылыңды білмей жатып, оған көмек бермейінше, еліңді сүйе алмайсың. Осы орамды ойды көкейіне түйген азаматтар көп. Солармен тығыз жұмыс істейміз дейді ішкі саясат басқармасының мамандары.

Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бұл экологияны жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді де көздейді.

 

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК»
18:18, 7 қыркүйек 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: «ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар