ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАРИХИ НЫСАНДАР ЖӨНДЕЛЕДІ

20:43, 15 мамыр 2018

Биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғалымдар Торғай геоглифтері мен Қамысты ауданындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеуді қолға алады. Бірнеше ірі тарихи нысандар күрделі жөнделіп, Ахмет Байтұрсынов туған Жанкелдин ауданындағы үй қалпына келтіріледі. Бұл туралы Өңірлік комуникациялар қызметіндегі брифингте Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов мәлімдеді.

Мәдени мұраларды сақтау бойынша ауқымды жұмыстар елімізде өткен жылы басталды. Қазақстанның сакралды картасы жасалып, оған Қостанай облысында орналасқан 10 нысан енгізілді. Кейкі батырдың кесенесі салынып, Ыбырай Алтынсариннің кесенесі жаңартылды. 2018 жылы да тарихи және мәдени нысандарды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жалғасын табады.    

Биыл Ұзынкөл ауданы Пресногорьков ауылындағы шіркеу және Барақ батырдың кесенесі жаңа кейіпке енеді. Бұл мақсаттарға қаражат сырттан тартылады. Шамамен 88 млн теңге қажет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде мұражайлардың қоры ұлғайып, мұғалімдер мен оқушылар белсенділік танытуда. Бүгінде облыста 100-ге тарта мектеп музейі ашылған. Жыл соңына дейін тағы 14-і жұмысын бастайды.

Археологиялық ескерткіштерді зерттеу ісі де жалғасады. Өткен жылы Әулиекөл және Аманкелді аудандарына экспедиция ұйымдастырылды. Енді биыл Қамысты жері мен Торғай геоглифтерінің құпияларын ашуға мән беріледі. Зерттеулердің нәтижесінде ғылыми материалдар топтамасы басып шығарылады.

Данияр Сұлтанұлы

Тақырып бойынша материалдар

БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  - ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС
20:42, 1 тамыз 2018
БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ - ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСЫ...
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» :  ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ  ҚОСТАНАЙДА
20:42, 25 шілде 2018
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» : ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ҚОСТАНАЙДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар