ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: С.ЖАЛЫБИННІҢ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

20:44, 19 желтоқсан 2019

Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде тағлымы мол жиын өтті. Онда жарты ғасырдан артық уақыт заңгер саласында қызмет еткен қоғам қайраткері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Сергей Жалыбиннің жеке қорының құжаттары ұсынылды. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

Сергей Жалыбиннің есімі Тобыл өңірі тұрғындарына жақсы таныс. Заң ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, заң саласының үздігі десек қате айтқандығымыз болмас. Бүгінде замандастары Сергей Михайловичті өз ісінің жанашыры, жұмысқа бар ынтасымен берілетін нағыз еңбек адамы ретінде біледі.

Келер жылы Сергей Жалыбин 70 жасқа толады. Осыған орай, бірнеше іс-шара ұйымдастырылмақ. Облыстық архив басқарамасы заң ғылымдары докторының 70 жылда барлық жасаған еңбектерін іздеп, келер ұрпаққа таныстыруды көздеп отыр.

Білікті заңгердің, әсіресе, азаматтардың құқықтық мәселелерінің әділдікпен шешілуі жолында аянып қалған кезі жоқ. Бұған көп жағдайда оның турашылдығы, ешнәрсеге бей-жай    қарай алмайтындығы айтарлықтай серпін берері сөзсіз.

Тақырып бойынша материалдар

ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
20:22, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...