ШҰҒЫЛ! ОРМАН ӨРТІ ЖИІЛЕГЕН Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: МЕШІТ ЖӨНДЕЛДІ

13:05, 14 мамыр 2019

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қалың жұртшылықтың ерекше ықыласына бөленіп, зор қолдауын тауып келеді. Осы ретте облыста ауыз толтырып айтарлық ауқымды шаруалар атқарылуда. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бойынша әлеуметтік – мәдени нысандар бой көтеріп, жөндеуден өтіп жаңа кейіпке енуде. Сондай оң бастамалардың бірі Амангелді ауданында көрініс тапты. Жергілікті тұрғындар Сатыбалды ишан мешітінің жөндеу жұмыстарына атсалысып, жамағаттың рухани тұрғыда жаңғыруына мол үлес қосуда.

«Туған жер» бағдарламасы  еліміздің әрбір аумағында  мәдени нысандарды қайтадан қалпына келтіруді, ауыл-аймақтардың ажарын арттыра түсуді басты мақсат етеді. Осы ретте жергілікті тұрғындар мен жеке кәсіпкерлер бағдарламаға бір кісідей атсалысып, туған жерге қамқорлық танытуда. Мысалы, мешіттің жөнделуіне жәрдемдескен.  

Нысан 300 адамға шақталған. Ерлерге, әйелдерге арналған құлшылық неке қию залы және бар. Ғибадат ғимаратының іші көркем декоративтік бұйымдармен безендірілген. Мешіт асыл дініміздің кең қанат жаюына, жастардың жат ағымдардан жырақ болуына жол ашпақ, - дейді дін өкілдері. 

Ауданның көркеюіне үлес қосам деушілер аз емес. Сондықтан да, елдің дамуы туған жерден басталады деп білетін жұртшылық алдағы уақытта да бірқатар жарқын жобаларды жүзеге асырмақ.

Айдын Шәйкенов

Тақырып бойынша материалдар

«QAZTALKS»: ҚУАТТЫ АЙМАҚ – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН!
20:33, 14 тамыз 2019
«QAZTALKS»: ҚУАТТЫ АЙМАҚ – ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН!
Толығырақ...
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ
20:49, 12 наурыз 2019
«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»: ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар