ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ: ҚОСТАНАЙ МЕН РУДНЫЙҒА КІРІП-ШЫҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: КӘСІПКЕРЛЕР МЕН ТҰРҒЫНДАР МЕШІТ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

20:50, 29 қазан 2020

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ел азаматтары туған өлкесін гүлдендіріп, өңірдің дамуына өз үлестерін қосып жатыр. Мысал үшін, Лисаков қаласында жергілікті тұрғындар ұжымдасып, өз күштерімен мешіт салып шықты. Бұған дейін шағын шаһарда имандылық үйінің арнайы ғимараты болмаған. Жаңадан бой көтерген нысан толықтай жабдықталып, жамағаттың құлшылық жасауына барлық мүмкіндіктер қарастырылған.

Лисаков қалалық мешітінің  іргетасы осыдан екі жыл  бұрын  қаланды. Оның құрылысына  қалың бұқара қаржылай қолдау көрсетті. Кәсіпкерлер де алланың разылығы үшін азаматтық  істен бас – тартпады.  Нысанды салуға  Жітіқарадағы тау - кен комбинаты есебінен 15 миллион теңге аударылды.  

Сәні мен сәулеті үйлесім тапқан  мешіттің ғимараты еңселі.  Бір мезгілде бір  мыңдай  адамды қабылдай алады. Және барлық мұсылмандық ғұрыптағы рәсімдерге сай етіп жабдықталған.  Уақыт көшіне сай тұрғызылған  имандылық ордасын салуға   100 млн. теңге жұмсалды.

Имандылық ордасының келбеті алыстан көз тартады. Ауласы да   абаттандырылды.  Көлік тұрағы, орындықтар мен энергия үнемдейтін шамдар орнатылған. Мешітті өз күштерімен ұжымдасып салған моноқала тұрғындары  өңірдің  дамуына өз үлестерін қосып,  ынтымақ-бірлігін көрсетіп отыр.   

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
20:18, 27 сәуір 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
20:34, 20 қараша 2020
АУЫЛДАРДЫ ГАЗДАНДЫРУҒА БИЫЛ 3,32 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА ИЕ
20:13, 19 қараша 2020
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН. СҮТ ӨНІМДЕРІ ШЕТЕЛ НАРЫҒЫНДА СҰРАНЫСҚА...
Толығырақ...