ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

20:18, 27 сәуір 2020

Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, А.Құнанбаевтың 175 және Конституциямыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде осы айтулы даталарға орай онлайн конференция өтті. Оған Қазақстан және шетелдердің ғалымдары қатысты.

Аталмыш конференцияға Қазақстанның белгілі профессорларымен қатар Германия, Польша, Ресей, Түркия елдерінің де ғалымдары атсалысты. Олар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Диалог алаңында жас ғалымдар дәріс тыңдады. Диалог алаңы тақырыптық талқылаулармен қатар, әлемдік пандемияны да айналып өтпеді. Төтесінен келген тосын жағдай ғылымның өркен жаюына да айтарлықтай кедергісін келтіріп отыр. Осыған орай шет елдегі оқымыстылар мәселені жоюдың әр қырлы жолдарын ұсынды.Сонымен қатар, 2022 жылғы жоспар бойынша ҚМУ-нің профессорлары бірігіп А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай монографиялар жинағын шығаруды көздеп отыр. Бұл жинақ болашақта оқытушылар мен студенттер үшін оқу құралы және ақпарат көзі ретінде пайдаланылмақ - дейді университет басшысы.

 

Гүлсезім Ақтас

Тақырып бойынша материалдар

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20:14, 3 наурыз 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
20:30, 4 тамыз 2020
АЙМАҚҚА 98 МЛН ТЕҢГЕЛІК ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...