Рухани жаңғыру – еліміздің даму бағдары

Руханият, мәдениет және білім – ұрпақтан ұрпаққа өтуі тиіс мәңгілік құндылықтар. Қостанай педагогикалық институтының студенттері мен оқытушылары Елбасының «Болашаққа бағдар» мақаласын талқылады. Тарихсыз болашақ жоқ, сол себепті өлкетануды зерттеп, тілдерді меңгеруге бағыт алуымыз қажет, - дейді ғалымдар.

19:34, 21 сәуір 2017   74

Мәжіліс залында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен оқытушылары. Бұл кездесу Елбасы мақаласын талдауға бағытталған дәріс іспетті. Тақырып білім, мәдениет пен рухани дүниелерді қолдауға негізделген. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу - Мемлекет басшысының алға қойған басты мақсаты.        

Жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіру ел тарихына серпін беріп дамудың жаңа сатысына көтереді. Ғалымдар бірлесе күш жұмыла еңбек етуге дайын.

Жоғары оқу орындарына жаңа көзқарасқа, жаңа санаға ие мұғалімдерді даярлау міндеттеледі. Бүгінде педагогикалық институтта осындай мамандарды дайындау мәселесі дұрыс жолға қойылған.

«Қазақстан-Қостанай» телеарнасының ресми сайты

110003, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 126 үй Байланыс телефондары: 8 (7142) 54-11-44