ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП САҚШЫСЫН БАЛТАМЕН ҰРҒАН Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА САТЫСЫ

20:35, 22 қаңтар 2020

Қазақ елі қазір өркениетті елдерімен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге күш салуда. Дегенмен, жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатының түйіні осы.

Қазақ Елі дамудың барлық кезеңін бастан өткеруде. Рухани жаңғыру мен Ұлы даланың жеті қыры бағдарламаларының басты мәні, жаһандану дәуірінде тек өзімізге ғана тән ұлттық кодымыздың болуы керектігін білдіреді.Рухани жаңғыру тұсында «Туған жер» бағдарламасының да маңыздылығы арта түсті. Қазақ елінің әр өңіріндегі сайы мен қыры, тауы мен жотасы, даласы мен қаласы терең тарихтан сыр шертеді. Ал, ел жастары олардың әрбірінен хабардар болуы тиіс. Себебі, өз тарихына терең бойлай алған ұрпақ қана Отанына адал, жауапкершілігі жоғары азамат болып өседі.

Саналы ұрпақ – ұлт болашағы. Ал сол саналы ұрпақты қалыптастырудың негізі – тәрбие мен білімде.Елбасының бағдарламалық мақаласында елдің рухани жаңғыруы мемлекеттік тіл мен салт- дәстүрі, әдебиеті мен мәдениетін сақтай отырып, патриоттық тәрбие беру арқылы жүзеге асырылуы тиіс делінген. Қазіргі заманғы жағдайда қазақ тілі әлемдік қауымдастықтан өзіндік орнын қалыптастыруы қажет.

Рухани тұрғыда бай әрі білімді адамзат қана тарихты өзгерте алады. Себебі білімді, сауатты адамдар 21-ші ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші болмақ. Ал осындай азаматтар барда ел болашағы жарқын болмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ
20:22, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 323 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛДЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
20:27, 24 ақпан 2020
МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
20:10, 21 ақпан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІН ЖАТҚА АЙТУДАН САЙЫСТЫ
Толығырақ...