ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ АСТЫҚ ЖИНАУ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН Толығырақ

Рухани жаңғыру: Батыр тұлғадан - ізгі жол

20:44, 6 желтоқсан 2017

Еліміздің дамуына ерен еңбегімен ерекше үлес қосқан, даңқты механизатор, тың ардагері, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваны еске алуға арналған іс-шара өтті. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ қабырғасында көрініс тапқан тағылымға толы жиында тау тұлғаның өмірі өскелең ұрпаққа үлгі етілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бұл басқосу өлкемізден шыққан өр тұлғаларды жастарға таныстыру, олардың еткен еңбегі мен елге тигізген пайдасы жайлы мол мағұлмат беруді көздейді. Бұл жолғы жиында тек Тобыл өңіріне ғана емес, тұтас елге танымал Социалистік Еңбек Ері – Кәмшат Дөненбаева жайлы ой-пікірлер мен ескірмес естеліктер айтылды. Шара бастамашыларының сөзінше, бұл кездесудің кіші буын өкілдеріне берері мол. Мәжілістің мақсаты да мейлінше маңызды.

Шара шеңберінде дәнді өлкеден шыққан даңқты механизатордың өнегесі мол өмірінен сыр шертер кең көлемді көрме де көрініс тапты. Жерлесіміздің жер жыртып, егістік алқабында тынбай тер төгіп жүрген суреттері, алып техниканы тізгіндеген жастық шағы бейнеленген. Өкініштісі, өр тұлға өмірден өтті. Алайда, апамыздың жарқын жүзі мен сіңірген зор еңбегі ел есінде мәңгілік сақталады. Тобылдық тракторшы қыздың тындырған толағай тірлігі тарих беттерінде алтын әріппен таңбаланады.

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢ ТАРАЛУДА
20:48, 15 қазан 2018
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ КЕҢ ТАРАЛУДА
Толығырақ...
ЕЛДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ - ҚОҒАМДЫ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ
20:35, 11 қазан 2018
ЕЛДІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ - ҚОҒАМДЫ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
20:41, 4 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
11:02, 18 қазан 2018
Д. ҚАЛЕТАЕВ: ЖОЛДАУ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ
Толығырақ...
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
13:12, 15 қазан 2018
ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА
Толығырақ...
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
20:37, 15 қазан 2018
«ӨЗ ДЕНСАУЛЫҒЫҢ ӨЗ ҚОЛЫНДА!» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...