ШҰҒЫЛ! НАҚТЫ СҰРАҚТАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖЕДЕЛ ЖЕЛІЛЕР Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20:14, 3 наурыз 2020

2020 жылы Арқалық қаласында цифрлы мұражай ашылмақ. Жалпы, соңғы екі жылда мектептер жанынан ашылған музейлер саны едәуір артқан. Бұл оқушылар арасында тарихи сананы жаңғыртуға септік етпек. Бүгін сараптамалық кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы баян етілді. Онда «100 жаңа оқулық» жобасы аясында атқарылған жұмыстар да айтылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты  «Тәрбие және білім» тақырыбына арналады. Ол бойынша жалпы білім беру мекемелерінде 124  жоба жүзеге асырылды.  Оған 290 млн теңге көлемінде  қаражат бөлінді.  Қолға алынған бастамаларотбасылық құндылықтарды дамыту мәселелері  ,  мектептердің материалдық - техникалық қамтылуы  мен жас мамандардың жағдайын жақсартуға бағытталды. Ауыл - аймақтарда балабақшалар жөнделіп, спорттық алаңдар бой көтерді. 

Білімнің жаңғыруына негізделген бағыт аясында мектептерде мұражайлар жүйесін дамыту көзделген. Былтыр олардың саны екі есе өсті. 2020 жылы Арқалық қаласында  «Жасұлан» цифрлық музейі пайдалануға берілмек. 

«Рухани жаңғырудың» тағы бір бағыты  «100 жаңа оқулық» жобасы. 2 жыл ішінде гуманитарлық білімнің негізгі бағыттары тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, ақпараттық технологиялар   бойынша   54 кітап қазақ тіліне   аударылып, оқу орындарына таратылды.  Оқулықтар  интернет желілерінде қолжетімді.

Сараптамылқ кеңес отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сапалы әрі тиімді іске асыруда жұмыс жоспары бекітілді  Жастар арасында тарихи сананы жаңғырту мәселелеріне көптеп көңіл бөлу қажеттілігі айтылды.  Осы бағытта облыс әкімінің орынбасары  нақты тапсырмалар берді.

Инара Барсақбаева

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
20:18, 27 сәуір 2020
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
20:32, 25 ақпан 2020
ҒАЛЫМНЫҢ ЖАҢА МОНОГРАФИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Толығырақ...
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
20:03, 21 ақпан 2020
«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН»: ҮШІНШІ ТОМНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
20:30, 6 тамыз 2020
ЗЕЙНЕТАҚЫНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ ЖЕҢІЛДЕТІЛДІ
Толығырақ...
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
20:30, 6 тамыз 2020
«ЕҢБЕК» - ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫС ТАБУЫНА ЖӘРДЕМ
Толығырақ...